EN KZ TR Байланыс

«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАҢАРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ»



«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАҢАРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ»

Құрметті зерттеуші,

Сіздерді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Ван Жүзінші жыл университетінің ұйымдастыруымен Түркістанда өтетін «Түркі әлемінің жаңару кезеңіндегі интеллектуалдық қозғалыстар халықаралық симпозиумы» атты түркі әлемінің әдебиеті мен тарихының, тілі мен мәдениетінің, философиясы мен саяси қатынастарының жаңару үдерістері мен интелектуалдық қозғалыстарына арналған маңызды кездесуге шақырамыз.

Hibrit түрінде өтетін симпозиум түркі әлемінің әртүрлі территориялардан келген ғалымдардың, зерттеушілердің және ізденушілердің басын қосып, ежелден бүгінге дейінгі жалғасып жатқан жаңару үдерісіндегі сабақтастықтарды, интеллектуалдық қозғалыстарды және осы үдерістердің әлеуметтік, мәдени және саяси құрылымдарына ықпалына байланысты тақырыптар қозғалады.

Қатысушыларымыз ғылыми талдамалар, ой-талқылық бағдарламаларымен және интерактивті секциялар арқылы мәліметтері мен тәжірбилерін ортаға салады, түркі әлемінің ортақ мәселелерін шешудің жолдарын іздейді және ортақ мәдени мұраларымыздың сақталуы, дамуы тұрғысындағы бірлесу жолдарын табады.

Түркі әлемінің кешегісі, бүгіні және ертеңіне байланысты көзқарастар ортаға тасталатын бұл симпозиумда сіздерді де көргіміз келеді.