EN KZ TR Байланыс

«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАҢАРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ»



«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАҢАРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ»

Құрметті әріптестер!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Ван Юзүнджү Йыл университетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29-31 мамырында Түркістан қаласында өтетін «Түркі әлемінің жаңару кезеңіндегі интелектуалдық қозғалыстарының халықаралық симпозиумы»  атты түркі әлемінің әдебиеті мен тарихының, тілі мен мәдениетінің, философиясы мен саяси қатынастарының жаңашылдық үдерістері мен интелектуалдық қозғалыстарына арналған бірегей кездесу өтетін болады.

Оффлайн (режимі) және онлайн (Zoom платформасы) форматта өтетін симпозиумда күллі түркі әлемінің ғалымдары, зерттеушілері мен ізденушілері бас қосып, тарихтың қойнауынан бүгінге дейін жалғасып жатқан инновациялық үдерістегі динамиканың, интеллектуалдық қозғалыстардың және осы секілді процестердің әлеуметтік, мәдени және саяси құрылымдарға әсері талқыланады.

Қатысушыларымыз баяндамалар, презентациялар, панельдік талқылаулар және интерактивті сессиялар арқылы біліктіліктері мен тәжірибелерін бөліседі. Сонымен қатар түркі әлемінің күн тәртібіндегі ортақ мәселелерінің шешімдерін іздейді және ортақ мәдени мұрамызды қорғау және дамыту үшін ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделейді.

«Түркі әлемінің жаңару кезеңіндегі интелектуалдық қозғалыстарының халықаралық симпозиумы»  атты шарамызға қатысу үшін зерттеушілерді, ғалымдарды  және түрік әлеміне қызығушылық танытқан тұлғаларды тезистерін ұсынуға және тіркелуге шақырамыз.

Құрметті әріптестер! Түркі әлемінің өткені, бүгіні және ертеңі туралы жан-жақты қарастырылатын бұл симпозиумда сіздерді де арамызда көргіміз келеді.

Түркілер – бүгінде әлемнің кең жағрафиясында өмір сүріп жатқан ежелгі халық. Көптеген мемлекеттердің негізін қалаған түркі ұлты тарихтың әр дәуірінде бастаушы болып, көптеген өркениеттердің құрылуына, дамуына және сақталуына мұрындық болды. Тарихымызға үңіле қарағанымызда осынау алқапта тараған түркілер табиғи түрде бай мәдени мұраны қалыптастырды. Бүгінде сол ата жолының ізмен кел жатқан Түркі Республикалары мәдени тұрғыдан да өзара қарым-қатынастарының тыныс-тіршіліктерін жалғастырып келеді.

Соңғы уақытта көптеген салаларда түркі мемлекеттері арасында етене араласып, жақындасу байқалады. Түрік Мемлекеттері Ұйымы аясында дамып келе жатқан бұл қарым-қатынастардың ең маңызды тіректерінің бірі мәдениет және өнер салаларындағы жақындасу болып табылады. Ортақ тарихқа негізделген бұл қарым-қатынаста әдебиет пен өнер де түркі жұртшылығына деген сезімдері мен ойларының ұлттық жиынтығы болып табылады. Тарихтан өз орнын алған Осман империясы және кеңестік мемлекеттік жүйенің таралуы, түркілердің ұзақ уақыт үзілген қарым-қатынастарының қайта үдеуі де тарихи мағынада болашақты уәде етеді. Бұл жақындасуға түрік мемлекеттері арасында бірлескен мәдени және академиялық зерттеулер жүргізу арқылы нақты түрде қол жеткізуге болады. Түркі әлемі арасында жүзеге асырылатын ортақ жобалар мен ұйымдастырылатын бірлескен конгресс/симпозиум шаралары түркі мәдениетіне үлес қосып қана қоймай, ғалымдардың басын қосу арқылы жаңа жобалардың іске асуына және мәдени алмасулардың жеделдетілуіне себеп болады.

Түркі әлеміндегі бұл жақындасудың бұдан да берік негізде жүзеге асуы үшін жаңару кезеңіндегі интеллектуалдық қозғалыстарға, әдебиет, өнер және мәдени өзгерістерге шындап тоқталу қажет. Өйткені батыспен құрылған алғашқы байланыстар мен тығыз қарым-қатынастар бүгінгі түркі әлемінің мәдени-тарихи түрленуіне елеулі әсер етуде. Осы орайда түркі жұртшылығы, әсіресе пікір, әдебиет, өнер, тарих және мәдениет әлеміндегі жаңашылдық қозғалыстардың ықпалын өзара зерттеп, бұл тұрғыда түркі мемлекеттері арасында бірлескен зерттеулер жүргізу қажет. Осы мақсатқа жету жолындағы қадамдардың бірі ретінде 29-31 мамырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Ван Юүзүнжү Йыл университетінің мүдделі тараптары болып табылатын «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАҢАРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫН» ұйымдастыру тиімді болмақ.

СИМПОЗИУМ ТАҚЫРЫПТАРЫ
• Түркі әлемі әдебиеттері
• Түркі әлеміндегі жаңару кезеңдері
• Түркі әлеміндегі интеллектуалдық қозғалыстар
• Түркі әлемінің зияткерлік(пікір) сәулетшілері
• Түркі әлеміндегі білім реформасы - Исмаил Бей Гаспыралы 
• Инновациялық кезең шеңберіндегі қазіргі түркі жазба тілдері
• Түркі әлеміндегі тіл, тарих және мәдениет мәселелері
• Түркі әлеміндегі баспасөз және ағарту
• Түрік мифологиясы және түркі әлемі
• Қазіргі түркі әлемінің тарихы
• Түркі әлемі және саяси қатынастар
• Түркі әлеміндегі патшалық Ресей мен Османлы қарым-қатынасы
• Орталық Азиядағы археологиялық зерттеулер

Симпозиум түрік, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
Симпозиумға қатысу тегін!