❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ОҚУ ОРДАМЫЗҒА МАЛАЙЗИЯ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫ КЕЛДІ

  • 04.09.2026
  • KZ
  • 145

image
Университетімізге Малайзия Сабах университетінің Ғылым және табиғи ресурстар факультеті, Өндірістік физика бағдарламасының аға оқытушысы Фаузия Сулайман арнайы іссапармен келді. Бұл сапарға қос университет арасында түзілген өзара ынтымақтастық меморандумы ықпал етті.
Басты мақсат – халықаралық академиялық байланыстарды нығайту. Сондай-ақ, оқу орындары арасындағы сабақтастықты арттыру.
Ғалым Фаузия Сулайманды Қаржы және халықаралық байланыстар жөніндегі вице-ректоры Мұстафа Гиритлиоглу бастаған университет ұжымы қабылдады.
Қабылдауда вице-ректор Мұстафа Гиритлиоглу оқу ордамыздың халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға әрдайым ашық екенін айтты. Сонымен қатар, Жаратылыстану ғылымдары факультетіндегі Физика кафедрасы мен Жаратылыстану зерттеу институтының зертханаларында халықаралық және отандық ірі ғылыми жобалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Ал, қауымдастырылған профессор, доктор Фаузия Сулайман өз университеті жөнінде баяндады. Сондай-ақ, оқу ордамыздың ғалымдарымен білім берудегі IT-технологиялар, физиканы оқыту әдістемесі, проблемаға негізделген оқыту (PBL), қашықтан білім беру және қолданбалы физика бағыттарындағы ғылыми зерттеулерді бірлесе жүргізуге ниет білдірді.
Осылайша тараптар қос университет арасында ғылыми-білім беру бағытындағы серіктестікті нығайтуға байланысты сұхбат құрды.