Өмірбаян
Мен, Азамат Шойбек, 1997 жылғы 8 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келдім. 2003–2014 жылдары Түркістан қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектепте білім алдым. Мектепті «Алтын белгі» белгісін ақтап, Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) 125 балдың 122-сін жинадым. Бұл нәтиже Түркістан қаласы бойынша ең жоғары көрсеткіш болды. 2014–2019 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін алдым. 2019–2021 жылдары осы университеттің Шымкент медицина институтында жалпы практика дәрігері бағыты бойынша интернатурадан өттім. 2021–2023 жылдары магистратурада оқып, медицина ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болдым. 2025 жылдан бастап Қоғамдық денсаулық сақтау білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантурасында білімімді жалғастырып келемін. Еңбек жолымды 2022 жылы Түркістан жоғары медициналық колледжінің гигиена кафедрасында оқытушы болып бастадым. 2023 жылғы маусымға дейін дәрістер мен практикалық сабақтар өткізіп, оқу-әдістемелік материалдар әзірледім және студенттерге тәлімгерлік жасадым. 2023 жылғы қыркүйектен бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультетінің Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасында магистр-оқытушы болып жұмыс істеймін. 2023 жылғы желтоқсаннан 2024 жылғы шілдеге дейін университеттің Ғылым департаменті Ғылыми зерттеулер бөлімінде маман қызметін атқарып, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен академиялық жобаларды қолдауға атсалыстым. 2024–2025 оқу жылында Медицина факультеті деканының ғылым жөніндегі орынбасары (5-6 курс және магистратура, докторантура координаторы) қызметін атқардым. 2026 жылғы 23 наурыз бен 19 қыркүйек аралығында «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-тағы University of California San Diego (UCSD) Extended Studies бөлімінде ғылыми тағылымдамадан өттім. Тағылымдама медицина және қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы озық зерттеулерге арналды. 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жергілікті биоэтика комиссиясының хатшысы қызметін атқарамын. Сонымен қатар Медицина факультетінің Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасында оқытушылық қызметімді жалғастырамын. Қазақ тілі — ана тілім. Орыс тілін жоғары, ағылшын тілін орта, түрік және испан тілдерін бастапқы деңгейде меңгергенмін. Кәсіби қызығушылықтарым — медициналық білім беру, қоғамдық денсаулық сақтау, ғылыми зерттеу әдіснамасы, зерттеу этикасы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын дамыту.
Оқу ақпараттары:
-
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Бакалавр -
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Интернатура -
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Магистратура


