❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫНДА ЖАҢАЛЫҚ: YASSAWI LAW JOURNAL ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

  • 23.11.2026
  • KZ
  • 151

image

Оқу орнымыз ғылым мен білім саласындағы тағы бір маңызды қадам жасады. Заң ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған жаңа басылым – Yassawi Law Journal өз жұмысын бастады.

Журналдың мақсаты – құқықтану саласындағы ғылыми зерттеулерді жариялау, өзекті құқықтық мәселелерді зерделеу, заңнаманы жетілдіруге қатысты ғылыми ұсыныстар мен тұжырымдарды ортаға салу.

Ғылыми басылым отандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерін жариялауға, құқық саласындағы тәжірибе алмасуға және ғылыми пікірталастарды дамытуға арналған.

Yassawi Law Journal туралы толық ақпаратты, жарияланым талаптары мен ғылыми мақалаларды ұсыну тәртібін журналдың ресми сайтынан білуге болады:

https://publications.ayu.edu.kz/index.php/ylj/issue/current