❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ЖАНАР ТЕМІРБЕКОВА КҮРШАД ЗОРЛУМЕН ТҮРКІ ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

  • 27.10.2026
  • KZ
  • 58

image

Ректор Жанар Темірбекова Түркия Республикасының Анкара қаласына жасаған іссапары аясында басқарушы AK Parti – Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары, Түркі мемлекеттерімен байланыс жөніндегі төрағасы, Анкара қаласының депутаты, профессор, доктор Күршад Зорлумен кездесті.

Кездесу барысында түркі жастарына арналған бірлескен жобалар мен бастамалар, сондай-ақ алдағы жылы Түркістан қаласында өтетін ауқымды іс-шаралар талқыланды. Тараптар жастардың әлеуетін арттыруға, түркі әлемі жастары арасындағы байланысты нығайтуға және ортақ жобаларды жүзеге асыруға бағытталған мүмкіндіктерді қарастырды.

Сонымен қатар, университеттің түркі мемлекеттері арасындағы білім және ғылым байланыстарын нығайтудағы рөлі, академиялық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері де сараланды.

Осылайша, басқосу соңында тараптар түркі әлемі елдері арасындағы байланысты нығайтып, білім мен ғылым жолында жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу үшін ортақ бастамалардың маңызды екенін атап өтті.