РЕКТОР ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ



Университет ректоры Жанар Темірбекова әр ай сайынғы дәстүрге сай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында ата-аналар мен университет қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Ректор әрбір өтінішке назар аударып, көтерілген мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, оларды шешу жолдарын қарастырып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берді.
Мұндай кездесулер азаматтардың өтініштерін назарға алып, университет пен ұжым арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.