❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

УНИВЕРСИТЕТІМІЗ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ

  • 17.09.2026
  • KZ
  • 35

image

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу ордамызды «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының 27-бабына сәйкес  ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде 5 жыл мерзімге аккредиттеді.

Аккредиттеу университетімізге мемлекеттік бюджеттен, халықаралық ұйымдар мен қорлардан, кәсіпкерлерден, үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардан қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жобалары бойынша конкурстарға қатысуға жол ашады.

Бұл жетістік – университетімізде ғылымды дамыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесі.