❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ 1 КУРС СТУДЕНТІ – VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

  • 04.09.2026
  • KZ
  • 162

image
Оқу орнымыздың 1 курс студенті Нұрдәулет Бақтыбайұлы Қырғыз Республикасында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен күміс жүлдеге ие болды.
Жас балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап, дүбірлі додада жүлделі орыннан көрінді.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өтуде. Биылғы байрақты бәсекеге әлемнің 100-ден астам елінен спортшылар қатысып, ұлттық спорт түрлерінен бақ сынап жатыр.
Қазақ күресі жарыстары Ыстықкөл өңіріндегі Чолпон-Ата спорт кешенінде ұйымдастырылды.
Нұрдәулет Бақтыбайұлы – қазақ күресінен ел намысын халықаралық аренада қорғап жүрген спортшылардың бірі. Ол бұған дейін 2025 жылы Түркістанда өткен қазақ күресінен әлем кубогінде 82 келі салмақта чемпион атанған.
Студентіміздің жеңісі құтты болсын! Спорттағы биік белестерді бағындырып, университетіміздің абыройын асқақтата берсін!