❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ДАЙЫНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 26 ТЫҢДАУШЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

  • 17.08.2026
  • KZ
  • 26

image

Университетіміздің Кентау кампусында орналасқан Дайындық орталығында 2025–2026 оқу жылында білім алған 26 қандас тыңдаушы мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды. 

Айта кетейік, өткен оқу жылында Дайындық орталығына Қазақстан Республикасының азаматы емес, ұлты қазақ 36 тыңдаушы қабылданды. Оның 34-і мемлекеттік грант негізінде, 2-еуі ақылы негізде білім алды. Оқу жылын 31 тыңдаушы сәтті аяқтап, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Олардың 29-ы мемлекеттік білім беру гранты конкурсына құжат тапсырды. 

Нәтижесінде грант конкурсына қатысқан 29 тыңдаушының 26-сы мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Оның ішінде 9 тыңдаушы оқу ордамызға, 6 тыңдаушы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне, 4 тыңдаушы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, 7 тыңдаушы Сәтбаев университетіне мемлекеттік грантпен оқуға қабылданды.

Дайындық орталығының грант иегерлері алдағы уақытта: бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, дене тәрбиесі, биологиялық және сабақтас ғылымдар, қоршаған орта, физика, математика және статистика, ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, механика және металл өңдеу, қала құрылысы және құрылыс бағыттары бойынша білім алуға мүмкіндік алды.

Осылайша, мемлекеттік грант конкурсына қатысқан тыңдаушылардың 89,7%-ы грант иегері атанды. Бұл нәтиже Дайындық орталығында тыңдаушылардың жоғары оқу орнына түсуіне қажетті дайындықтың жүйелі жүргізіліп келе жатқанын көрсетеді.