❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«HIKMET» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҰСЫНАТЫН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

  • 14.08.2026
  • KZ
  • 66

image

Университетіміздің «Hikmet» ғылыми журналы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдардың 3-тізбесіне енді.

2026 жылғы 12 тамыздағы №589 бұйрыққа сәйкес журнал 2026 жылғы қаңтар айынан бастап «Дінтану, исламтану» ғылыми бағыты бойынша аталған тізім қатарына қосылып отыр.

Бұл – университеттің ғылыми-зерттеу қызметі мен ғылыми басылымдарының сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының жемісі.

Журналдың ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынатын ғылыми басылымдар тізіміне енуі университетіміздің ғылыми әлеуетін одан әрі нығайтып, отандық және халықаралық ғылыми кеңістіктегі беделін арттыруға, сондай-ақ дінтану және исламтану саласындағы ғалымдар мен жас зерттеушілердің ғылыми еңбектерін жариялауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Аталмыш жетістікке жетуге Ғылым департаменті, журнал редакциясы және Ғылыми басылымдар бөлімі ұжымының тынымсыз еңбегі негіз болды.

Алдағы уақытта журналдың ғылыми және редакциялық сапасын одан әрі арттыру, жарияланымдардың академиялық деңгейін жетілдіру және редакциялық саясатты халықаралық талаптарға сәйкестендіру бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.

Осы маңызды белеспен барша ұжымды шын жүректен құттықтаймыз!