ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!



ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
Екіжақты келісім-шарт негізінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне тіркелу басталғанын хабарлаймыз!
Тіркелу мерзімі: 10–30 қараша 2026 жыл
Форматы: оффлайн
Өтетін орны: Ректорат, 418-кабинет
Қажетті құжаттар:
- Жеке куәлік;
- Ағымдағы транскрипт (қазақ тілінде, ресми мөрмен, 122-кабинетте беріледі).
ЕСКЕРТУ:
1-курс және бітіруші курс студенттері қатыса алмайды.
Қаржыландыру шарттары:
Қабылдаушы университетте оқу ақысы төленбейді (ұлттық университеттерде оқу ақылы). Жол жүру, жатақхана, тамақтану және басқа да жеке шығындар студенттің өз есебінен төленеді.
Қазақстанның өзге жоғары оқу орындарында білім алып, жаңа тәжірибе жинау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!