ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ



ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ МЕКТЕП БІЛІМІ МИНИСТРЛІГІ
ШЫРШЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 11 бұйрығына (№ 287) сәйкес халықаралық деңгейде өткізілетін ғылыми іс-шаралар жоспары негізінде Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар факультеті Өзбек тіл білімі кафедрасы мен Қазақстан Республикасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Филология факультеті, Қазақ және Түрік филологиясы кафедраларының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 16 қазан күні «Түркі тілдеріндегі ғылыми-салыстырмалы зерттеулер және әдіснама» тақырыбында конференция өткізеді.
Конференцияның негізгі мақсаты – түркі тілдері тобына жататын тілдерді өзара салыстырмалы талдау арқылы олардың ортақ лингвистикалық ерекшеліктері мен ұлттық-мәдени өзіндік белгілерін анықтау, заманауи лингвистикалық әдіснамалар негізінде зерттеулер жүргізу және түркі тілдерінің беделін арттыру жолдарын айқындау.
Конференцияның негізгі міндеттері – түркітанудың теориялық негіздерін дамыту, заманауи лингвистика мен цифрлық технологиялар арқылы түркі тілдерінің жаһандық ақпараттық кеңістіктегі беделін арттыруға бағытталған практикалық тетіктерді әзірлеу, түркі халықтарының тілдеріне қатысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген жетекші ғалымдардың, филолог мамандар мен жас зерттеушілердің жаңа ғылыми нәтижелерін талқылау, сондай-ақ отандық және халықаралық ғылыми орталықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми жобалар мен цифрлық ресурстар әзірлеу.
Осыған орай жоғары білім беру жүйесінде қызмет атқаратын барлық профессор-оқытушылар құрамын, докторанттарды, тәуелсіз ізденушілерді, сондай-ақ магистранттар мен студенттерді конференцияға белсенді қатысуға шақырамыз!
Конференцияға төмендегі секциялар бойынша ғылыми материалдар қабылданады:
1-секция. Түркі халықтарының тілі мен әдебиеті: зерттеу, талдау және түсіндіру мәселелері.
2-секция. Қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелері.
3-секция. Тіл мен әдебиетті оқыту әдіснамасы және интеграциялық тәсілдер.
4-секция. Салыстырмалы әдебиеттану, салғастырмалы тіл білімі және аударматану.
Конференцияның ресми тілдері: өзбек, ағылшын, орыс және барлық түркі тілдері.