❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

  • 15.10.2026
  • KZ
  • 67

image

I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

21-24 қазан 2026 жыл 

Түркістан / Қазақстан

 

Конференция туралы 

1926 жылы Бакуде өткен және түркі әлемінің тіл, әдебиет, өнер, тарих пен мәдениет тұрғысынан тұтастығын айқындауда тарихи бетбұрыс болған I Баку Түркология конгресінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылатын V Халықаралық жас түркологтар конференциясын 2026 жылғы 21-24 қазан аралығында Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Орду университеті мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры (Türk Kültür ve Miras Vakfı) бірлесе отырып, офлайн форматта өткізу жоспарланған. Конференция барысында халықаралық деңгейдегі бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері көне түркі тілінен қазіргі түркі жазба тілдеріне, көне түркі әдебиетінен қазіргі түркі әлемі әдебиетіне, көне түркі тарихынан қазіргі түркі әлемі тарихына, сондай-ақ көне түркілердің фольклоры, өнері мен мәдениетінен қазіргі түркі әлемінің фольклоры, өнері мен мәдениетіне дейінгі түркологияға қатысты өзекті тақырыптар бойынша ғылыми баяндамалар жасап, түркі әлемінің рухани астанасы болған Түркістан қаласында бас қосады. 

Конференцияның негізгі тақырыптары:

 - 1926 жылғы I Баку түркология конгресі; 

- Тарихи түркі жазба тілдері; - Қазіргі түркі жазба тілдері; 

- Түркі тілі, әдебиеті, тарихы, өнері және фольклоры; 

- Қазақ тілі, әдебиеті, тарихы, өнері және фольклоры; 

- Әзербайжан тілі, әдебиеті, тарихы, өнері және фольклоры; 

- Өзбек тілі, әдебиеті, тарихы, өнері және фольклоры; 

- Қырғыз тілі, әдебиеті, тарихы, өнері және фольклоры; 

- Түрікмен тілі, әдебиеті, тарихы, өнері және фольклоры; 

- Түркі әлемі әдебиеті; - Түркі әлемі фольклоры; 

- Түркі әлемі тарихы; 

- Түркология және цифрлық технологиялар; 

- Түркология және жасанды интеллект; 

- Түркология және түркі мемлекеттері;

- Түркология және халықаралық ұйымдар; 

- XXI ғасырдағы түркология. 

 

2026 жылғы 21-24 қазан аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтетін конференцияға филология және әлеуметтік ғылымдар саласында білім алып жүрген бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері ауызша баяндама жасау арқылы немесе постерлік таныстырылым арқылы қатыса алады.

 

I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ