❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды

  • 08.09.2026
  • KZ
  • 35

image

2026-2027 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

 №

           Жұмыс орны

           Қызметі

   Шт.б

1

Шымкент кампусы

Ғимарат меңгерушісі

1,0 ш.б.

2

Шымкент кампусы

Персаналды басқару және құжат айналым (кадр) маманы

1,0 ш.б.

3

Шымкент кампусы

Еден жуушы

2,0 ш.б.

  1.  Оқу ғимараты меңгерушісі қызметіне  жоғары білімі бар  болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
  2. Маман қызметіне жоғары білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі тиісті бейіні бойынша білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
  3. Еден жуушы қызметіне орта білімі бар болуы тиіс;

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. жоғары білім туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  2. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
  3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  4. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  5. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Қосымша деректер:

  1. Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
  2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
  3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2026 жылдың  15 қыркүйек , сағат 18-00 дейін.

ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.