Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультеті оқытушы-профессорлар құрамына онкурс жариялайды
2026-2027 оқу жылында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің факультеттері төменде көрсетілген кафедраларына бос орындарға вакансия жариялайды.
Медицина факультеті.
№ | Кафедра атауы | Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бейіні | Лауазымдар атауы (саны) | |||
М.ғ.д., Доцент, профессор | М.ғ.к.,/PhD., Доцент/аға оқытушы | Аға оқытушы | Магистр, оқытушы | |||
1 | Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер | Қоғамдық денсаулық сақтау | 1,0 |
|
|
|
Жалпы гигиена |
| 1,0 |
|
| ||
Микробиология |
| 1,0 |
|
| ||
2 | Фундаментальды ғылымдар | Патологиялық физиология | 1,0 |
|
|
|
Медициналық биология және генетика |
| 1,0 |
|
| ||
Мейіргер ісі |
| 0,5 |
|
| ||
Радиология |
| 0,5 |
|
| ||
3 | Хирургиялық аурулар | Акушерия және гинекология |
| 1,0 |
|
|
|
| Балалар хирургиялық аурулары | 1,0 |
|
|
|
|
| Урология |
| 1,0 |
|
|
Жалпы:9,0 | 3,0 | 6,0 |
|
| ||
Біліктілік талаптары:
-Профессор лауазымына үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, «профессор» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс;
- Ғ.к.,/PhD, Доцент лауазымына үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білімі, PhD, «қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс;
- Аға оқытушы лауазымына үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білімі, магистр ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл (басқа оқу орнында аға оқытушы лауазымында кемінде бір жыл) болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
-ҚР конституциясын;
- ҚР «Білім туралы» заңын;
-Ғылым туралы» заңын;
-«Тіл туралы» заңын;
-ҚР «Еңбек кодексін»
-ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын;
-ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру саласына қатысты нормативті-құқықтық құжаттарын;
-Университет жарғысын;
-Қызметтік этиканы;
-Университетің «ішкі еңбек тәртіп ережесін;
-Кафедра туралы ережені білуі тиіс;
- Оқытушы-профессорлар құрамы туралы регламент.
Біліктілік талаптарымен қосымша университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/pedagogikaly_biliktilik_035_2022.pdf сілтеме арқылы танысуға болады.
Қосымша деректер:
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В, Ректорат (101 бөлме)
Өзге қаладан конкурсқа тапсыратын үміткерлер құжаттарды ainur.baltenova@ayu.edu.kz электронды поштасына жіберуге болады.
Қосымша ақпаратты Кадр бөлімінің қызметкері Балтенова Айнур Рахимжановна, 8707-903-97-29 телефондарына хабарласып алуға болады.
Өтінішке қоса мына құжаттар тізімі беріледі:
Университет қызметкерлері:
1. Түйіндеме;
2. ОПҚ үшін факультет деканының өкімімен бекітілген сараптау комиссиясының ұсынысы;
3. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
4. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары. Төмендегі сертификаттардың болуы міндетті:
5. Соңғы үш жылдағы ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі;
6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
7. Үміткердің бейініне сәйкес оқытылатын пән бойынша силлабус (электрондық форматта).
8. Кафедра меңгерушілерінен кафедраның дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация талап етіледі (электрондық форматта).
Сырттан келген үміткерлер үшін құжаттар тізбесі:
1. Түйіндеме;
2. Өмірбаян;
3. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
4. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары. Төмендегі сертификаттардың болуы міндетті:
5. Соңғы үш жылдағы ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі;
6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
7. Наркологиялық ұйымнан есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
8. Психоневрологиялық ұйымнан есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
9. Үміткердің бейініне сәйкес оқытылатын пән бойынша силлабус (электрондық форматта).
10. Кафедра меңгерушілерінен кафедраның дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация талап етіледі (электрондық форматта).
Ескерту:
1.Жоғарыда көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау және құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерін сақтамау үміткерді конкурсқа қатыстырмауға негіз болып табылады.
2.Конкурс офлайн форматта өткізіледі. Конкурстың өткізілетін күні мен уақыты туралы қосымша хабарланады.