«Халықаралық қатынастар» кафедрасында студенттердің XXXV ғылыми-теориялық конференциясы өтті
2026 жылдың 11 қараша күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экономика және басқару факультеті, «Халықаралық қатынастар» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттердің кезекті XXXV ғылыми-теориялық конференциясы (СҒЗЖ) сәтті түрде өтті.
Конференцияның басты мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру, дарынды жас зерттеушілерді анықтау және қолдау, сондай-ақ елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға үлес қосу. Биылғы байқауға «Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша 16 студент өз ғылыми жобаларын ұсынып, 5 ғылыми жетекшінің бағыт-бағдарымен өзекті тақырыптарда баяндама жасады. Баяндамалар барысында жаһандық қауіпсіздік, орта державалардың дипломатиясы, қазіргі қақтығыстар және халықаралық санкциялар сияқты маңызды мәселелер көтерілді.
конкурстық комиссия мүшелері студенттердің ғылыми жұмыстарын тыңдап, әділ бағасын берді. Ішінен ең үздік деп танылып, жүлделі орындарға ие болған студенттердің тізімі:
1-орын:
- Есмаханбет Аяулым (ЭХҚ-514) – «Халықаралық санкциялардың мемлекеттердің сыртқы саяси мінез-құлқына ықпалы: Ресей мен Иранның салыстырмалы талдауы». Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Гюлеже Шенел
2-орын:
- Балтабай Нұрсауле (ЭХҚ-512) – «Қазіргі халықаралық жүйедегі орта державалар феномені: Қазақстанның рөлі мен сыртқы саяси стратегиясы». Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент м.а. М.Анламасова.
- Өнерқызы Жадыра (ЭХҚ 613) – «Қазіргі кезеңдегі Израиль-Палестина қақтығысы: себептері, аймақтық салдары және бейбіт реттеу мүмкіндіктері». Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.Саурбаев.
3-орын:
- Мусатай Әсем (ЭХҚ-513) – «Қазіргі соғыстардың өзектілігі және олардың халықаралық қауіпсіздікке әсері». Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Н.Турузбеков.
- Сихымбай Балауса (ЭХҚ 613) – «Трамптың екінші президенттік кезеңіндегі АҚШ-Қытай бәсекелестігі және оның Орталық Азияға ықпалы». Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.Саурбаев.
- Эргаш Абдулбасит (ЭХҚ 413) – «Орта дәліз Қазақстанның сыртқы саясатындағы құрал ретінде (2022-2025)». Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.Саурбаев.
Бүгінгі конференция жас зерттеушілердің шығармашылық әлеуетін көрсетіп, ғылыми ортада еркін ой бөлісетін маңызды платформа болды. Барлық қатысушыларды белсенділігі мен ғылыми ізденістері үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!
Сабақ кестесі
Стартап жоба: идеядан іске
Әлеуметтік – мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі
Құрметті Мырзабекқызы Құндыз сізді құттықтаймыз!
«Андалусияның бренд қалалары» тақырыбында семинарға шақырамыз
"Дүниежүзілік тазалық күні" акциясы
Бірінші курс студенттерін қарсы алу кеші
Тұрақты қалдықтарды басқару қалай жүзеге асырылуы тиіс?
Құрметті 1-курс студенттері!
Құрметті ғылыми қауым өкілдері!
ӘЙЕЛДЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТЕГІ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ
ТЕҢДІКТІ ТҮСІНУ: БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕМ 