Хабарландырулар

shape
shape

Конгресс

Конгресс туралы

Халықаралық Түркі әлемі жасыл энергия және қоршаған орта ғылымдары конгресі

Конгрестің негізгі мақсаты ‒ түркі тілдес елдердің ғылыми қауымдастығы арасындағы өзара ықпалдастықты арттыру, жасыл энергетика мен экологиялық зерттеулердің қарқынды дамуына жағдай жасау болып табылады. Сонымен қатар, Конгресс «Таза Қазақстан» бағдарламасымен үндесе отырып, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған ғылыми бастамалар мен инновациялық жобаларды қолдауды көздейді.

Халықаралық Түркі әлемі жасыл энергия және қоршаған орта ғылымдары конгресінің негізгі тақырыбы: «XXI ғасырдың экологиялық проблемалары және жасыл энергияның болашағы».

 Конгресс жұмысының негізгі (секциялары) бағыттары:

-    Түркі тілдес елдердің экологиялық проблемалары.
-    Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату.
-    Экологиялық биотехнология және қолданбалы микробиология.
-    Жасыл энергияның болашағы және инновациялық технологиялар.
-    Жаңартылатын энергия, тұрақты даму және қоршаған орта.
-    «Таза Қазақстан» бағдарламасы, экологиялық білім және мәдениет.