Хабарландырулар

shape
shape

Журнал

Журнал туралы

International Journal of Environmental Science and Green Technology (ISSN: 3080-8693) – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Экология» ғылыми-зерттеу институты шығаратын халықаралық рецензияланатын ғылыми журнал.

Журнал электрондық форматта жарияланады және экология, қоршаған орта ғылымдары мен жасыл технологиялар салаларындағы өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін кеңінен таратуға бағытталған.

Журналдың негізгі ғылыми бағыттары:

  • Экология (Ecology);
  • Экологиялық химия (Environmental Chemistry);
  • Экологиялық инженерия (Environmental Engineering);
  • Қалдықтарды басқару және кәдеге жарату (Waste Management and Utilization);
  • Жаңартылатын энергия көздері (Renewable Energy);
  • Тұрақты даму және қоршаған орта (Sustainable Development and Environment).

Журналда аталған ғылыми бағыттар бойынша түпнұсқалық ғылыми мақалалар мен шолу мақалалары жарияланады.

Жариялану мерзімділігі

Журнал жылына төрт рет, тоқсан сайын – наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында жарық көреді.

Мақалаларды қарау және рецензиялау тәртібі

Журнал редакциясына келіп түскен ғылыми мақалалар алдымен редакциялық алқаның бастапқы сараптауынан өтеді. Бұл кезеңде қолжазбалардың журналдың ғылыми бағыттарына, жариялау қағидаттарына және редакциялық талаптарына сәйкестігі бағаланады.

Алдын ала сараптаудан сәтті өткен қолжазбалар ғылыми сапасын, өзектілігін, жаңашылдығын және нәтижелерінің негізділігін бағалау мақсатында кемінде екі тәуелсіз рецензентке жасырын рецензиялауға жіберіледі.

Рецензенттер туралы мәліметтер мен олардың сараптамалық қорытындылары журнал редакциясында бес жыл бойы сақталады.

Авторлардың жауапкершілігі

Журналда жарияланған ғылыми мақалалардың мазмұнына, ұсынылған ғылыми тұжырымдардың дұрыстығына, зерттеу нәтижелерінің шынайылығына және білдірілген пікірлерге авторлар жауапты болады.

Жарияланған мақалалардағы көзқарастар мен ғылыми қорытындылар журнал редакциясының немесе баспагердің ресми ұстанымын білдірмейді.