• image image image image
  • shape
    shape
    Бағдарламалар
    Филология факультеті / Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы / Докторантура

    8D01719 — Орыс тілі мен әдебиеті

    Course Image Филология факультеті Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы

    Халықаралық ғылыми дерекқорларды, наукометриялық құралдарды және жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, жоғары рейтингті ғылыми басылымдардың талаптарына, академиялық адалдық пен ғылыми этика қағидаттарына сәйкес халықаралық академиялық кеңістікте ғылыми-зерттеу, жарияланымдық және ғылыми қызметті ұйымдастыру қызметін жүзеге асыра алады. (ОН1)

    Заманауи ғылыми парадигмаларды, олардың әдіснамалық ерекшеліктері мен зерттеушілік әлеуетін жүйелі түсіну негізінде тіл білімі, әдебиеттану және лингводидактика салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметінде заманауи зерттеу әдістерін, цифрлық зерттеу технологияларын, деректерді талдау құралдарын және жасанды интеллектті қолдана алады. (ОН2)

    Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ғылыми жарияланымдар, көпшілік алдында баяндама жасау және кәсіби академиялық коммуникация арқылы ұлттық және халықаралық ғылыми қоғамдастыққа ұсына алады. (ОН3)

    Ғылыми зерттеулердің нәтижелері, заманауи цифрлық технологиялар және әзірленген оқу-әдістемелік материалдар негізінде олардың білім беру практикасындағы тиімділігін бағалай отырып, тіл білімі, әдебиеттану және лингводидактика саласына инновациялық білім беру шешімдерін еңгізе алады. (ОН4)

    Заманауи зерттеулердің нәтижелері, халықаралық білім беру стандарттары, білім беру сапасын қамтамасыз ету қағидаттары және еңбек нарығының қажеттіліктері негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жобалай алады.(ОН5)

    Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар, оқу бітірген тұлғалар қабылданады.

    Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзіреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. 

    Шетел азаматтарын докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.

    Білім беру (педагогикалық) қызметі: жоғары оқу орындары, орта кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер, училищелер), басқару органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелер.

    Ғылыми-зерттеу қызметі: тіл білімі мен әдебиеттанудың қазіргі жай-күйі мен тарихи дамуы тұрғысынан ғылыми зерттеулер жүргізу.

    Әдеби-шығармашылық қызмет: әдеби және мәдени мекемелерде, баспа ұйымдарында қызмет атқару, құжаттардың тілдік рәсімделуін қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары саласында жұмыс істеу.

    Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет: педагогикалық-ұйымдастырушылық; әкімшілік-басқарушылық; мәдени-ұйымдастырушылық қызмет.