БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Түркістан облысы білім басқармасының Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «Қаражон» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі арасында педагогикалық бағыттағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды. Іс-шараға Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы, ғылым кандидаты, доцент Зулпыхарова Эльмира Умирзаковна, факультет өкілдері және «Қаражон» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мырзалиева Ақтоты қатысты.
Меморандумның негізгі мақсаты – жоғары оқу орны мен жалпы білім беретін ауыл мектебі арасындағы өзара байланысты нығайту, педагогикалық бағыттағы тәжірибе алмасуды дамыту және болашақ педагог мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру. Ынтымақтастық аясында білім алушылардың педагогикалық практикадан өтуіне жағдай жасау, теориялық білімдерін мектептегі нақты оқу үдерісімен ұштастыру, тәжірибелі педагогтердің кәсіби тәжірибесін зерделеу және заманауи педагогикалық әдістерді оқу тәжірибесіне енгізу көзделеді.
Сонымен қатар, тараптар бірлесіп ғылыми-әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, конференциялар және кәсіби кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Факультет деканы Э.У. Зулпыхарова өз сөзінде жоғары оқу орны мен ауыл мектебі арасындағы әріптестіктің болашақ педагогтерді даярлаудағы маңыздылығын атап өтіп, теориялық білім мен практикалық тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды. Мұндай ынтымақтастық білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, педагогикалық шеберлігін арттыруға және білім беру саласындағы заманауи талаптарға бейімделуіне мүмкіндік береді.
Өз кезегінде «Қаражон» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мырзалиева Ақтоты жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықтың білім беру үдерісін жетілдірудегі маңыздылығын атап өтті. Ол меморандум аясында тәжірибе алмасу, білім алушылардың педагогикалық практикасын ұйымдастыру және мектептің тәжірибелі мамандарымен бірлескен жұмыстарды дамыту бағыттарының тиімді жүзеге асатынына сенім білдірді.
Меморандум аясындағы бірлескен жұмыстар педагогика саласындағы тәжірибе алмасуды кеңейтуге, ғылыми-әдістемелік байланысты нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталатын болады.
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті мен «Қаражон» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі арасындағы бұл ынтымақтастық болашақта да білім беру, ғылым және тәжірибе бағыттарындағы бірлескен жобалармен жалғасын табады.
Жаңа студенттік декан сайлауы!
Емтихан кестесі
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 