Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні «Зиянды тағам өнімдерінің адам денсаулығына әсері және азық-түлік қауіпсіздігі»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жыл сайын ағымдағы жылдың 7 маусымынан 7 шілдесіне дейін әлемдік қауымдастық Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күнін атап өтеді.

Азық-түлік қауіпсіздігі – тағамның адам денсаулығына зиянсыз болуы ғана емес, оның дұрыс дайындалуы, сақталуы және тасымалдануын да қамтиды. Сапасыз немесе дұрыс сақталмаған тағам тағамдық уланулар мен жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін.

Сондықтан әрбір адам тағам таңдауда мұқият болып, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтауы қажет. Ал медицина қызметкерлерінің міндеті – халық арасында салауатты өмір салты мен қауіпсіз тағам тұтыну мәдениетін насихаттау.

Қорытындылай келе, қауіпсіз әрі сапалы азық-түлік – денсаулықтың, ұзақ өмір сүрудің және ұлт саулығының негізі.