
- 2024 жылдың қаңтарында кафедра доценті Калменова П.Е. Ресей Федерациясының Пенза қаласында өткен V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Медицина ғылымдары» секциясы бойынша 1 орынды иеленді.
2025 жылы кафедра профессор-оқытушы құрамы: Тоқбергенова С.М., Туктибаева С.А. және Джуманкулова Н.Р. академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ташкент мемлекеттік медицина институтына барды.
2025 жылы кафедра меңгерушісі,м.ғ.к., доцент Токбергенова Света Менлиаевна ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгімен марапатталды.
2025 жылы кафедра оқытушысы Кылышбекова Г.Н. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2025 жылы желтоқсанда өткен Студенттік ғылыми-практикалық конференциясында кафедра оқытушысы Г.Н. Кылышбекованың жетекшілігімен 2 курс резидент-педиатр Асель Асқар жүлделі орынға ие болды.
2024-2029 жж Даму бағдарламасы бойынша 2026 жарты жылдық есебі
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 