Білім беру бағдарламасы
5+
Білімгер
231+
Жұмыспен қамтылған
75%
ОПҚ
26+

Біз туралы

Тарих кафедрасы университет құрылуымен өз жұмысын бастаған алғашқы кафедралардың бірі болып саналады. Кафедра өз тарихында «Қазақстан тарихы», «Жалпы тарих», «Археология және этнология», «Түркі мемлекеттерінің тарихы» атымен де дербес жұмыс жасады. Кафедра тарихшы мамандарды дайындауда аймақта жетекші орын алады. Кафедраның ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші 85% құрайды.

Кафедраның оқытушы-професссорлық құрамы ғылыми-теориялық конференцияларға белсенді қатысуымен қатар, жыл сайын Халықаралық, республикалық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілуіне ықпал етеді. Кафедрада шетелдік университеттермен, ғылыми-зерттеу базалары ретінде білімгерлердің іс-тәжірибе, тағылымдама өтуіне Ақдениз (Анталия), Хаджеттепе (Анкара), Хаджи Байрам Вели (Анкара), Мугла Сытки Кочман (Мугла) сияқты университеттері және Өзбекстан ҒА Тарих институттарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған.

Білімгерлер 6В01615-Тарих, 6В02231-Тарих Білім беру бағдарламалары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленіп келеді. Кафедрада 2 бакалавр, 1 магистратура, 1 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады.

2023-2024 оқу жылында білім беру бағдарламалары бойынша оқу жоспарының жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттар жасалған) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 25. Оның ішінде 2 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 4 магистр оқытушы  қызмет атқарады. Тарих кафедрасында 6В01615-Тарих, 6В02231-Тарих, 7М02210-Тарих, 8D01604-Тарих білім беру бағыттары  бойынша мамандар даярлайды.

Тарих кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Тарих кафедрасыБакалавриат

Бакалавриат

6B02231 — Тарих

Тарих
Бағдарлама нәтижелері
  • Отан және дүниежүзі тарихы кезеңдерінің даму ерекшеліктері, тарихи үдерістері, құбылыстары мен оқиғалары туралы іргелі білімдерін меңгереді .
  • Гуманитарлық салада инновациялық технологияларды қолдана отырып, тарих ғылымдарының теориялық-методологиялық зерттеу әдістер кешенін меңгереді .
     
Қабылдау шарттары
  • Тарих бойынша гуманитарлық білім бакалавры білім беру бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары №600 31.10.2018ж.).
     
Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы
  • Kәсіби қызмет объектілері жалпы білім беретін және арнаулы мектептер, лицей, гимназия, колледждер, жоғары оқу орындары, тарих кабинеттері, орта және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында, мұрағаттарда, музейлерде, сараптамалық-аналитикалық орталықтарда, ақпараттық-аналитикалық бағыттағы қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында (соның ішінде электронды), мемлекеттік органдар, басқару және жергілікті басқару, туристік және экскурсиялық ұйымдарда.
     
Элективті пәндер каталогы
Бағдарламалық аккредиттеуден өткені туралы куәліктер
PDF in HTML

 

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз