shape
shape
Іс-шаралар
Blog Image

«МЕНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМ МЕН МІНДЕТТЕРІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетіне қарасты Педагогика және психология кафедрасының 4-курс білім алушылары арасында «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында тағылымдық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шараға факультет деканы, доцент Э. Зулпыхарова, деканның орынбасары Алмазұлы Шыназ, Тарих кафедрасының меңгерушісі А. Жұмадуллаева және Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Б. Әуезов қатысты.

Тәрбие сағаты барысында білім алушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын талқылады. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілікті сезіну, өз құқықтарын білу және міндеттерін адал орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында факультет басшылығы мен кафедра меңгерушілері тақырыптың өзектілігіне тоқталып, білім алушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, заңды құрметтеудің және әрбір азаматтың өз міндетіне жауапкершілікпен қарауының маңыздылығын атап өтті.

Тәрбие сағаты мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтіп, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.