Теология факультетінің 2026 жылғы түлектеріне арналған диплом табыстау салтанаты жоғары деңгейде өтті!
Теология факультетінің 2026 жылғы түлектеріне арналған диплом табыстау салтанаты жоғары деңгейде өтті!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінің 2026 жылғы түлектеріне диплом табыстау салтанаты ерекше сән-салтанатпен, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Салтанатты кешке факультет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қадірлі ата-аналар және мәртебелі қонақтар қатысып, жас түлектерге жүрекжарды құттықтауларын арнап, ақ жол тіледі. Диплом табыстау рәсімі әр білім беру бағдарламасы бойынша салтанатты түрде өтіп, әрбір түлекке көп жылғы еңбегі мен табанды ізденісінің жемісі – жоғары білім туралы дипломы табысталды.
Биыл Теология факультетін 76 түлек сәтті тәмамдап, үлкен өмірге қанат қақты. Бұл – олардың студенттік шақтағы білімге деген құштарлығының, қажырлы еңбегі мен табандылығының жарқын нәтижесі.
Барша түлектерді айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы өмір жолдарыңыз ашық, қадамдарыңыз нық, еңбектеріңіз жемісті болсын! Университет қабырғасында алған сапалы білім мен рухани құндылықтарыңыз ел игілігіне қызмет етіп, қай салада жүрсеңіздер де биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Құтты болсын, жас түлектер! Жолдарыңыз әрдайым ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын!
ЕМТИХАН КЕСТЕСІ
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 